Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция ауласында қарасора өсірген тұрғынды анықтады

ШҚО-да есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісінің жолын кесті.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғыны өз үйінің ауласында тыйым салынған өсімдіктерді жүйелі түрде өсіруге арналған орын жабдықтаған.

Үй-жай аумағын жедел тінту барысында полиция қызметкерлері 15 түп жасыл түсті өсімдік, 3 түп кептірілген және ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 3 полимерлі қаптаманы тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келіні құрайтын қарасора екені анықталды.

Аталған факті бойынша "Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция есірткі өсіру немесе олардың заңсыз айналымына қатысты қандай да бір деректер туралы білсеңіз, дереу 102 нөміріне немесе ең жақын полиция бөліміне хабарласу қажет екенін ескертеді. Тек бірлескен әрекет арқылы біз есірткіге қарсы тиімді күрес жүргізіп, болашағымызды қауіпсіз ете аламыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру