Жамбыл облысында көлік сақшылары бір топ адамнан алты қап марихуана тәркіледі
Жамбыл облысында көлік сақшылары бір топ адамнан алты қап марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Қарасора – 2025" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының Аспара – Құмөзек аралығы ауданында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, жабайы өсетін марихуананы жинау кезінде бір топ адамды ұстады.
Тексеру барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 53 келіден астам алты қап марихуана тәркіленді. Сондай-ақ барлық тұлғаның бұрын сотты болғаны және Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды.
Есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.