Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлердің заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында полицейлердің заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңатас қаласын патрульдеу кезінде полицейлер жүргізушісінің күмәнді әрекеттері назар аудартқан Audi автокөлігін тоқтатпақ болады. Тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған жүргізуші бой тасалауға әрекет жасаған.

Полицейлер бірден көлікті қуып, тоқтатуға шаралар қабылдады. Қуғын барысында көлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды.

Қашу кезінде құқық бұзушы күдік тудырғанзаттан құтылуға тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері бұл әрекетті дер кезінде байқап, 16 калибрлі қосауыз мылтықтың кесілген ұңғылы нұсқасын тапты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Ер адамның басқа дақылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жамбыл облыстық полиция департаменті қаруды заңсыз сақтау мен тасымалдау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру