Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте биыл есірткі жарнамалаған мыңнан астам интернет ресурс бұғатталды

Шымкентте биыл есірткі жарнамалаған мыңнан астам интернет ресурс бұғатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткіні қолданудан болатын қылмыстар санының өсуіне оны насихаттайтын сайттардың тигізіп жүрген ықпалы аз емес екені белгілі. Мұндай мазмұндағы жарнамалардың ауқымын тоқтатудың басты жолдарының бірі – оларды бұғаттау.
Соған сәйкес, Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұдайы түрде интернет желісінде есірткіні саудалайтын, оны насихаттайтын және жарнамалайтын парақшаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар осы мақсаттағы жұмыстарға кибер-еріктілер құрамы да жұмылдырылған.
Бірлескен жұмыстар нәтижесінде биылғы 7 айда 1243 заңға қайшы мазмұндағы интернет сайттар, парақшалар мен каналдар анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді.
Айта кеткен жөн, көрсетілген парақшаларды жүйеге енгізген соң, оны бұғаттау сатысында арнайы мамандармен оларға саралау жүргізіліп, нақты әрі жеткілікті негіздер болған жағдайда бұғаттауға қорытынды келісім беріледі.
Бүгінде тәртіп сақшылары осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үстінде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру