Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тыныштықты бұзған тұлғалар анықталды

Астанада тыныштықты бұзған тұлғалар анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың басынан бері Астана қаласының полициясына түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері бойынша шамамен 28 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл азаматтардың мұндай құқық бұзушылықтарға жоғары сезімталдығын және мәселенің өзектілігін көрсетеді.

Мәселен, түнде полицияға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының тынығуына кедергі келтірген караоке мекемесінен қатты шуестілгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру нәтижесінде аталған мекемеге қатысты түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полициясы еске салады: түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге – қатты музыка, айқай-шулар, шулы техниканы пайдалану және өзге де дыбыстарға тыйым салынады.

Түнгі уақытта тыныштықты сақтап, айналаңыздағы адамдардың демалу құқығын құрметтеуге шақырамыз. Барлық құқық бұзушылықтар тіркеледі және оларға жедел түрде шара қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру