Жетісу облысында есептегі тұлғаларға кешенді тексеру жүргізілді
Жетісу облысында есептегі тұлғаларға кешенді тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4–11 тамыз аралығында Жетісу облысында полицейлер "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Сегіз күн ішінде құқық қорғау органдары профилактикалық есепте тұрған 3 828 азаматты тұрғылықты мекенжайлары бойынша жеке-жеке тексерді. Ерекше назар маскүнемдікке бейім адамдарға аударылып, олармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды.
Полицияның мәліметінше, соңғы уақытта бұл санаттағы азаматтар арасында құқық бұзушылықтар санының біртіндеп азаюы байқалады. Бұл – профилактикалық шаралардың оң нәтижесін көрсетеді.
Дегенмен, іс-шара барысында есептегі тұлғалар тарапынан 57 құқық бұзушылық анықталып, олардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Жетісу облысының құқық қорғау органдары мұндай тексерулер қылмыстың алдын алуға және өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.