Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға дәріс өткізілді

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға Мансап орталығы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтарға әлеуметтік бейімделуге қолдау көрсету мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырды. Олар жуырда босап шығатын сотталғандар үшін Мансап орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Қызметкерлер атаулы іс-шара арқылы сотталған азаматтардың босатылғаннан кейінгі өмірге бейімделуіне көмектесу, тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау және қайта қылмыс жасау қаупін азайтуды көздеген. Кездесу барысында Мансап орталығының мамандары сотталғандарға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін түсіндірді.

Сонымен қатар мамандар түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, өзін-өзі ұсыну тәсілдері бойынша кеңес берді. Кездесуге қатысқан сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.

- Мұндай шаралар жазасын өтеп шыққан азаматтардың қоғамға қайта қосылуына, әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді, - дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов

- Әрбір азаматқа жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру жолында мекеме әкімшілігінің іс-әрекеттерін толығымен құптаймыз. Өз кезегімізде мүмкіндігінше әрбір босап шыққан азаматқа көмек беруге әзір екенімізді айтамын, - дейді Мансап орталығының директоры Зере Ыдырысбекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру