Маңғыстау облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Маңғыстау облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы екі күн бойы азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдаулар “Аманат” партиясының өңірлік филиалында және Маңғыстау облысы әкімдігінде өтті.
Барлығы шамамен 20-ға жуық тұрғын өз өтініштерімен келді. Азаматтар алаяқтық фактілері, қылмыстық істер, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары бойынша мәселелерін көтерді.
Айта кетерлігі, қабылдауға бұған дейін келіп, өз мәселесін шешкен азаматтар да арнайы алғыстарын айту үшін келді.
Полиция азаматтардың өтініштерін қарау және олардың мәселелерін шешу бағытында ашық және қолжетімді жұмыс жүргізуді жалғастырады.