Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Астана тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астананың 66 жастағы тұрғыны Валерий Леонидович Надточеев Алматы ауданы полиция басқармасы қызметкерлеріне қырағылығы, кәсібилігі және адами қасиеттері үшін ризашылығын білдірді.

Ол банк бөлімшелерінің бірінің маңында ішінде құжаттары мен 81 мың теңгесі бар бумасын жоғалтып алған. Полиция қызметкерлері Бауыржан Жолтай мен Қайрат Мейрмановтың жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған заттар сол күні-ақ табылып, иесіне қайтарылды.

— Мен полиция қызметкерлеріне адал еңбегі мен адамдарға деген ықыласы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін мен еліміздің полициясында әділ де адал жандар қызмет ететініне тағы бір мәрте көз жеткіздім, — деді Валерий Леонидович.

Бұл оқиға құқық қорғау органдарының жауапты еңбегі азаматтардың құқықтарын қорғауда және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру