Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада дәмханалардың бірінде өзгенің телефонын тартып алған ер адам ұсталды

Астанада дәмханадағы жанжалдан кейін тонау жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда полициясына қаладағы аудандардың бірінде болған тонау дерегі бойынша хабарлама түсті.

Анықталғандай, түн ортасында кафеде көршілес үстелде отырған екі ер адамның арасында жанжал шыққан.

Мекемеден шыққаннан кейін 47 жастағы күдікті жәбірленушіні ұрып, күш қолдана отырып оның Vivo телефонын тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлеркүдіктіні қолға түсірді. Заттай дәлел иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға шақырады. Егер сіз қоғамдық тәртіп бұзушылықтың куәсі болсаңыз, "102" арнасына хабарласуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру