Астанада дәмханаға жұмысқа орналасуға келген ер адам телефон ұрлаған
Астанада дәмханаға жұмысқа орналасуға келген ер адам телефон ұрлаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде ұрлық фактісі тіркелді. Дәмхана қызметкері бірнеше минутқа кабинеттен шығып кеткен кезде, өзінің жеке мүлкінің жоғалғанын байқаған.
Криминалдық полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы күдікті анықталды. Ол кеңсеге еркін кіріп, үстел үстінде жатқан құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын алып кеткен. Белгілі болғандай, күдікті жұмысқа орналасу мақсатында келіп, әкімшіні күтіп отырған сәтте телефонды көріп қалып, оны қолына алған да, оқиға орнынан шығып кеткен.
Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады. Ұрланған телефонды сатып, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарға ескертеді: бөтеннің мүлкін ұрлау немесе заңсыз иемдену – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.