Түркістан облысында полиция профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр
Түркістан облысында полиция профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған "Заң және тәртіп" қағидаты аясында аудандарда жедел-профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
Мәселен, Шардара ауданындағы іс-шара барысында полицейлер 68 құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде: көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 16, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау – 12, техникалық байқаудан өтпеу – 5, маневр жасау ережелерін бұзу – 4 факт. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 1 жүргізуші мен белгіленбеген орындардан өткен 8 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.
Осы тұста тәртіп сақшылары жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Яғни жол қауіпсіздігінің, сондай-ақ нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша бейнероликтерді қамтитын QR-кодтары бар 150-ден астам жадынама таратты.
Сонымен қатар атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексерді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.