Астанада полицейлер тұрғындармен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесулер өткізді
Астана қаласында полицейлер тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада полиция қызметкерлері ПИК өкілдерімен және тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен профилактикалық кездесулер ұйымдастырды. Іс-шара барысында учаскелік инспекторлар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу, балалардың терезеден құлау жағдайлары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ кіреберістер мен ортақ пайдаланылатын орындардың санитарлық жағдайына қатысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.
Арнайы назар кіреберістердің тазалығына, ортақ пайдаланылатын орындарға қоқыс үйіп қоймауға, өрт қауіпсіздігін сақтауға және тұрғындар арасындағы өзара бақылаудың маңыздылығына аударылды.
Осындай кездесулер полиция мен халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, өзекті мәселелерді жедел шешуге және азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.