Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер профилактикалық іс-шаралар өткізді

Жетісу облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Кербұлақ ауданында профилактикалық іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында 8 автокөлік пен 8 мотоцикл арнаулы тұраққа қойылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары 22 мемлекеттік нөмірлік белгіні тәркіледі.

Патрульдік полиция батальоны өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге және жүргізушілер арасындағы тәртіпті арттыруға бағытталған.

- Жол қозғалысы ережелері формалды түрде емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Тәртіп бұзған әрбір жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға болады, — деп атап өтті Жетісу облысының полиция департаменті.

Полицияда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтару мүмкін еместігін және Заң мен тәртіп қағидаты құқық қорғау органдарының жұмысындағы негізгі басымдық болып табылатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру