Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Шымкент қаласы полиция департаменті ЖПҚБ учаскелік инспекторлары "Көршілер бақылауы" ПИК және тұрғындармен кездесу өткізді. Онда полицейлер түрлі қылмыс мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұрлықтың алдын алу, тосқауыл қою мақсатындағы "Көршілер бақылауы" бағдарламасын енгізудің тәртібі мен тиімділігін түсіндірді.

Олар көпқабатты үй тұрғындары өз аулаларына сырттан келген күмәнді жандар, өздері куә болған жағдайлар жайлы полицияға жедел хабарласа, дереу шаралар қабылданып, ұрлық та, түрлі қылмыс та азаятынын айтты.

Сондай-ақ 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салатын заңнама нормасы күшіне енді. Полиция бұл өзгерістер жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шектеу адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын киімдерге – мысалы, никаб пен бетпердеге қатысты. Ал хиджаб, химар, шейла сияқты бет ашық қалатын киімдерге бұл талап жүрмейді.

Түсіндіру жұмыстары алда да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру