Жетісу облысында полицейлер мас күйінде мотоцикл басқарған жүргізушіні тоқтатты
Жетісу облысы Қапал ауылында полиция қызметкерлері мас күйінде мотоцикл жүргізіп жүрген 42 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында жол апатына әкеп соқтыруы мүмкін жағдайдың алдын алып, қоғамдық қауіптің тәуекелі дер кезінде жойылды. Қазіргі таңда құқық бұзушы қамауға алынды.
Айта кетейік, көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқару – заң жүзінде ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар 1200 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар тағайындалып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған. Бұған қоса, жүргізуші көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылу қаупіне тап болады.