Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлерінің қырағылығы әйелдің өмірін құтқарып қалды

Полиция қызметкерлерінің қырағылығы әйелдің өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы Майлин көшесінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері – Әділбек Разақов пен Жандос Асқар – жолда келе жатқан Chevrolet автокөлігін байқап қалады. Көлік жүргізушісі рөлді әрең меңгеріп отырғанын аңғарған тәртіп сақшылары дереу әрекет етті.

Тексеру барысында рөлде 40 жастағы әйел отырғаны анықталды. Ол қозғалыс кезінде өзін кенеттен нашар сезініп, көлікті басқара алмай қалған. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел шешімінің арқасында ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік туды.

Оқиға орнында әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің көмегінен соң жағдайы жақсарған соң, тәртіп сақшылары оны үйіне дейін жеткізіп салды. Өйткені оның көлікті әрі қарай жүргізуге шамасы болмаған.

Белгілі болғандай, әйел – көп балалы ана. Ол полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, олардың сезімталдығы мен дер кезінде жасаған әрекеті өз өмірін сақтап қалғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру