Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да есірткі тасымалын алдын алу мақсатында рейдтік шаралар өткізілді

БҚО-да есірткі тасымалын алдын алу мақсатында рейдтік шаралар өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Кинологиялық қызмет орталығы және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінен құрылған мобильді топ арнайы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды. Іс-шара Батыс Қазақстан облысы бойынша маңызды тас жолдардың бірінде — Самара-Шымкент тас жолында өтті.

https://youtube.com/shorts/vlZfHTdUQrI?si=bG_EZIHABrr6b_Xp

Шараның негізгі мақсаты: есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың алдын алу, есірткі айналымымен күресуді күшейту, осы қылмыстық әрекеттердің жолын кесу.

Рейд барысында қызметтік иттермен автокөліктер мен жүк тасымалдаушы көліктер тексерілді. Кинология қызмет орталығы қызметтік иттермен есірткі заттарының бар-жоғын анықтауға күш салды. Тексерулер нәтижесінде тасымалданатын жүктер мен көліктердің құжаттары мұқият тексеріліп, арнайы құралдар мен иттер есірткі заттарын табуға бағытталған шаралар жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысында осындай жедел профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, есірткі қылмысымен күрес күшейтілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру