"Жолда қабылдау": Талдықорғанда полицейлер Конституция күні қарсаңында тұрғындармен кездесті
Талдықорғанда полицейлер Конституция күні қарсаңында тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Конституция күні қарсаңында Жетісу облысының полиция қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында "Жолда қабылдау" акциясын ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – заңдылық пен тәртіп қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін тікелей тыңдап, кеңес беру болды. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция өкілдеріне жолығып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
Мұндай кездесулер халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді арттырып, ашық диалог құруға жол ашады. Полиция қызметкерлері әр азаматтың пікірін тыңдап, оның өтінішін заңнамаға сәйкес қарастыруға дайын екендерін атап өтті.
Бұл акция мемлекеттік мереке аясындағы іс-шаралардың бірі ретінде өтіп, Конституция қағидаттарының құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде нақты жүзеге асырылып жатқанын көрсетті.