Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ҚАЖД мекемесінде жеке кәсіпкерлер үшін арнайы таныстыру кездесуі ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық ҚАЖД мекемесінде жеке кәсіпкерлер үшін арнайы таныстыру кездесуі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінде қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, сондай-ақ өндірістік әлеуетті дамытуға кіші және орта бизнес субъектілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде жеке кәсіпкерлер үшін арнайы таныстыру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кәсіпкерлерге мекеме аумағында орналасқан бос тұрған ғимараттар көрсетіліп, оларды өндірістік және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланудың мүмкіндіктері ұсынылды.

Кездесудің басты мақсаты – бизнес өкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесінің өзара ынтымақтастығын нығайту, қолөнер, тігін, ағаш өңдеу, металл бұйымдарын шығару және басқа да өндіріс түрлерін дамыта отырып, сотталғандарды еңбекпен қамту және олардың қайта әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері мен облыстық прокуратура қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Жиын барысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары мен ынтымақтастықтың заңнамалық тетіктері түсіндірілді.

- Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, қылмыстық-атқару жүйесінде бос ғимараттарды тиімді пайдалану арқылы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін бермек, - дейді мекеме бастығы Абылай Кусайынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру