Павлодар облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде жаңа жеке кәсіпорын ашылды
Павлодар облысы бойынша ҚАЖ №45 мекемесінде жаңа жеке кәсіпорын ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
№45 мекемесінде жарнамалық билбордтар дайындауға, металл конструкцияларын өндіруге, сондай-ақ металл мен ағаш өңдеуге маманданған жаңа жеке кәсіпорынның ашылу рәсімі өтті.
Жаңа өндірістің іске қосылуы сотталғандарды еңбекпен қамту ісіндегі маңызды қадам болды. Қосымша жұмыс орындарының ашылуы ақылы еңбекке тартылатын сотталғандар санын арттырып, олардың әлеуметтік бейімделуіне, сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеруіне және берешектерін өтеуіне мүмкіндік береді.
Өндірістегі еңбек сотталғандарға тәжірибе жинақтап қана қоймай, еңбекке жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Бұл олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуінің маңызды факторларының бірі болып табылады.
Мекеме басшылығының айтуынша, өндірістік секторды дамыту қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
— Жаңа кәсіпорынның ашылуы – сотталғандар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Еңбекпен қамту олардың тұрақты табыс тауып, талап-арыздар мен өзге де берешектерін өтеуіне, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін қажет болатын кәсіби дағдыларды игеруіне жағдай жасайды. Біздің міндетіміз – олардың қоғамға сәтті оралуына қолайлы жағдай жасау, – деді сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Асқар Шайхенов.
Мекеме әкімшілігі өндірістік базаны кеңейту және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.
