Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Павлодар облысы бойыншаа ҚАЖД мекемесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №45 мекемесінде сотталғандарды тәрбиелеу және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері, пробация қызметі және Павлодар облысының Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және болашақта жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында мамандар босатылғаннан кейінгі еңбекке орналасу мүмкіндіктері, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сотталғандарға олардың құқықтары мен міндеттері, қайта әлеуметтенуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңнама талаптары кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға жалпы саны 270 сотталған қатысты.

- Еңбекпен қамту мен құқықтық сауаттылық – адамның түзелу жолындағы маңызды факторлар. Біздің міндетіміз – сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеуге қолдау көрсетіп, заңды түрде еңбек етіп, жаңа өмір бастауына мүмкіндік жасау, – деді сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Анара Уәлиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру