Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда киберқылмыстарға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Атырау облысы полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың қатысуымен киберқылмыстардың алдын алу және оларды ашу бағытындағы батыс өңіраралық оқыту семинары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің киберқылмыстарды ашу және тергеп-тексеру бағытында қызмет атқаратын мамандары қатысты.

Семинар барысында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және олардың жолын кесу, ақпараттық технологиялар арқылы жасалатын қылмыстар бойынша дәлелдемелерді жинау мен бекіту, цифрлық деректерді талдау, сондай-ақ заманауи криминалистикалық құралдарды тиімді пайдалану мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар қатысушыларға киберқылмыстарды тергеу барысында жиі кездесетін қиындықтар мен оларды шешудің тиімді жолдары бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Іс-шара аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдері мен тиімді әдістерін талқылады.

Мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру