Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда өткен "Қайрат" – "Селтик" кездесуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

Алматыда өткен "Қайрат" – "Селтик" кездесуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы халықаралық футбол матчы өтті. Ойынға қазақстандық "Қайрат" және шотландиялық "Селтик" командалары қатысты.

Спорттық нысан мен оған іргелес аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шамамен 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылды. Жеке құрамның үйлесімді әрекеттерінің және қала тұрғындары мен қонақтарының түсіністігінің арқасында матч тыныш жағдайда өтті.

- Жанкүйерлер тәртіп сақтап, командаларды спорттық бәсекелестік рухында қолдады. Азаматтардың өзара құрметі мен полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына саналы көзқарасы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру