Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда Конституция күні қарсаңында полицияның гарнизондық саптық жиыны өтті

Жетісу облысында полиция департаменті бастығының жетекшілігімен жеке құрамның гарнизондық саптық жиыны өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – алдағы Конституция күніне дайындық аясында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылатын күш пен құралдардың әзірлігін тексеру болды. Гарнизондық саптық жиын – полицейлердің күш-қуаты мен тәртібін, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындауға әзірлігін айқын көрсеткен шараға айналды.

ПД бастығы "Құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамыту басты басымдық болып қала беретінін еске салды.

Сондай-ақ Конституция күні қарсаңында биыл ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Құқық қорғау органдары Жетісу өңірінде қоғамдық қауіпсіздік тәулік бойы, 24/7 режимінде қамтамасыз етілетінін және полиция қызметкерлері тыныштық пен құқықтық тәртіпті қорғау жолында қызметін жалғастыра беретінін жеткізді.

https://youtu.be/rsE5Llw2n9Q?si=L4GARR8p6Y5WM1dR

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру