Астанада полиция көлік дөңгелектерін қолды қылған күдіктілерді ұстады
Астанада полиция көлік дөңгелектерін қолды қылған күдіктілерді ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
18 жастағы жергілікті тұрғын полицияға жүгініп, белгісіз біреулер жол бойына қойылған оның ВАЗ 211340 автокөлігінен үш дөңгелекті шешіп кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғаларын анықтады. Олар – жергілікті тұрғындар, біреуі 18 жаста, қалған екеуі 17-де болып шықты.
Белгілі болғандай, аталған автокөлік ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған. Мұны байқаған жасөспірімдердің бірі достарына дөңгелектерді ұрлап, кейін сатып жіберуді ұсынады. Түнде олар көлік қасына келіп, домкраттың көмегімен үш дөңгелекті шешіп алады. Ал көлік құлап кетпес үшін оның орнына тротуар тақталарын қойып кеткен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған дөңгелектер көлік иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтың алдын алу үшін қырағы болуды және мүлкін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Автокөлік ұрлығы немесе айдап кету дерегі орын алған жағдайда дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарласу қажет.