Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында 30 жас полицей ант қабылдады

Ұлытау облысының полиция департаментінде Конституция күніне орай жас қызметкерлер ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конституция күні қарсаңында Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы 30 жас қызметкермен толықты. Салтанатты шара барысында жас тәртіп сақшылары ант қабылдады. Іс-шараға департамент бастығы Қайыркен Әлиев, ардагерлер мен жеке құрам қатысты.

Департамент басшысы жас мамандарға жауапты қызметтерінде табыс тілеп, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Салтанатты жиында спортта жетістіктерге жеткен бірқатар полицейлер марапатталды. Атап айтқанда, "Динамо" ДШСҚ ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында өткен самбо күресінен ІІМ чемпионатында 1-орынды иеленген полиция майоры Тайбек Омаров, сондай-ақ жүлделі орын алған аға лейтенант Данияр Әліпов пен лейтенант Еламан Ізтөлеуов алғысқа ие болды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары арнайы және күштік құрылымдар арасында Атырау қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында 2-орынды иеленген полиция лейтенанты Нұрасыл Дахбай, сондай-ақ жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Ұлболсын Әнуарбек марапатталды.

Іс-шара барысында полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатев жас мамандарды құттықтап, қызмет жолында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру