Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда электрсамокаттарды пайдалану ережелерін бақылау бойынша ауқымды рейд өткізілді

Алматыда электрсамокаттарды пайдалану ережелерін бақылау бойынша ауқымды рейд өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік экипаждармен бірге 50 полиция қызметкері де шерингілік компаниялардың самокаттарымен қызметке шықты.

Мұндай формат құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге, халық көп жиналатын жерлер мен автокөліктер үшін қолжетімсіз орындарда тиімді жұмыс істеуге, алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта полицияның самокаттарды пайдалануын тұрақты тәжірибеге айналдыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл өзінің тиімділігін дәлелдеген алғашқы тәжірибе. Аталған жұмыс "Заң және тәртіп" ұранымен жарияланған профилактика жылы аясында жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру