Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: көлік полицейлері мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Көлік полицейлері "Құқықтық тәртіп" іс-шарасының екі күнінде мыңнан астам құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар 1 010 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

•жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 174 факт;

•қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені – 75 факт;

•кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдері жоқ жерлерде немесе ойын-сауық орындарында болғаны – 52 факт;

•ұсақ бұзақылық – 12 факт;

•шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзуы – 75 факт және тағы басқа құқық бұзушылықтар бар.

Мәселен, Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 10 шетел азаматын анықтап, ұстады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа процессцалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Сол күні Шымкент қаласының халықаралық әуежайы мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалында тағы бес шетелдік азамат анықталды. Шетел азаматтары заң аясында жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 26-28 тамыз аралығында көліктегі ПД-ның қызмет көрсету аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру