Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер көпбалалы анаға көмектесті

Алматыда полицейлер көпбалалы анаға көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының полицейлері республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел” науқаны аясында көпбалалы анаға көмек көрсетті.

Полиция қызметкерлері тоңазытқыш сатып әперіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қол ұшын созды.

— Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бұл тек құқық бұзушылықтарға әрекет ету емес, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету. Біз адамдардың полиция әрқашан жанында екенін, көмектесуге және қолдауға дайын екенін білсе дейміз. “Бақытты отбасы – бақытты ел” науқаны – бұл мемлекет, қоғам және әрқайсымыздың күшімізді біріктіріп, отбасылық құндылықтарды сақтау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, — деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Науқан 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның аясында профилактикалық әңгімелесу, тұрғындармен кездесулер, рейдтер және қайырымдылық шаралары өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру