Алматы қаласының бас полицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтады
Алматы қаласының бас полицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім күнінде Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров №36 жалпы білім беретін мектепке барып, бірінші сынып оқушыларын және олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады.
Ол балаларға қауіпсіздік тақырыбындағы бояғыштар, ойыншық полиция көліктері және мектеп сөмкелеріне арналған жарық шағылыстыратын элементтерді сыйға тартты.
Полицейлер алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлді: оқушыларға жолды дұрыс және қауіпсіз кесіп өтудің ережелері түсіндірілсе, ата-аналарға – баланың жүру бағытына мұқият болу қажеттігі ескертілді.
- 1 қыркүйек – білім мерекесі ғана емес, ата-аналармен бірге балалардың қауіпсіздігін ойлайтын күн. Баланы жолда өзін дұрыс ұстауға, полиция қызметкеріне сенуге, ережелерді сақтауға алғашқы күннен-ақ үйрету маңызды. Бұл – мектепке және үйге апарар жолдың қауіпсіз болуына кепілдік. Полиция көмектесуге, бағыт беруге, қолдауға қашанда дайын! Әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінгенін қалаймыз, – деді, Арыстанғани Заппаров.
Полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағына қамқор болу – бұл мемлекет, мектеп, ата-ана және полицияның ортақ міндеті екенін еске саламыз. Балаларға оқу мен дамуға арналған қауіпсіз, тыныш және мейірімді орта, тек бірлесе әрекет еткенде ғана қалыптасады.