Тәртіп сақшылары оқушыларға заң талаптарын түсіндірді
Павлодар облысында полицейлер мектептерде құқықтық сағат өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Назар аударыңыз, балалар" акциясы аясында тәртіп сақшылары оқушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жөнінде түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтар бойынша еліміздегі қолданыстағы заңнама туралы мәлімет берді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларға көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, бейтаныс адамдарға сенбеуге және ересектердің рұқсатынсыз оларға есік ашпауға кеңес берді.
Сонымен қатар жасөспірімдердің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру және балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер ата-аналармен де әңгімелесті.
— Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Балаларға жас кезінен өз жауапкершіліктерін түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру өте маңызды. Біздің басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, — деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Ашренов.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршаның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.