Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер маңғыстаулық оқушыларға есірткінің зияны туралы айтып берді

Полицейлер маңғыстаулық оқушыларға есірткінің зияны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында оқушылар арасында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Ақылбек Зиноллин өңірдегі 30 мектептің 9–11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Іс-шараға барлығы 300-ге жуық жасөспірім қатысты.

Жиында жас буынға есірткінің денсаулыққа, өмірге және болашаққа тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары өкілдері заңнамаға енгізілген қатаңдатылған шаралар жөнінде де мәлімет берді.

– Біздің басты мақсатымыз – жастарды есірткінің зардабынан қорғау. Әрбір айтылған сөз олардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Біз жасөспірімдердің бойында заңға құрметпен қарау мен салауатты өмір салтын бағалау дағдыларын қалыптастыруға күш салып отырмыз, – деді Ақылбек Зиноллин.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ғана емес, олардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға да бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру