Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында құқық бұзушылыққа қарсы күрес күшейтілуде

Түркістан облысында құқық бұзушылыққа қарсы күрес күшейтілуде, - деп хабарлайды  Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Кентау қаласында өткен рейд барысында полицияның 14 мобильді тобы 983 үй мен қора-жайды аралап, азаматтық қару иелерінің оны сақтау талаптарын орындауын тексерді.

Іс-шара нәтижесінде 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Атап айтқанда, 65 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны, 33 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар техникалық байқаудан өтпеудің 30, маневр жасау ережелерін бұзудың 28 дерегі анықталды. Айыптұрағына 36 көлік қойылды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаюдың 8, абаттандыру ережелерін бұзудың 5, елде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 5 дерегін әшкереледі.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтық, нашақорлық және өзге де заңсыз әрекеттерден сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын айтып, бейнероликтер арқылы көрсетілетін QR-коды бар жадынамалар таратты.

Әкімдік, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, полиция қызметкерлері мектептер мен оқу орындарында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесулер өткізіп, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру