Алматыда отбасы тыныштығын бұзған азамат қамауға алынды
Алматыда отбасы тыныштығын бұзған азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Учаскелік инспекторлар мекенжайға жедел жетіп, соққыға жығу дерегі бойынша шаралар қабылдады. Материал арнайы әкімшілік сотқа жолданып, сот құқық бұзушыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алып, оның жүріс-тұрысына қатысты ерекше талаптар белгіледі.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әрбір хабарлама дереу қаралады. Қажет болған жағдайда біз отбасы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңда көзделген шараларды қолданамыз, – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Полиция қызметкерлері Алматыда отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балаларды қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған "Бақытты отбасы – бақытты ел" республикалық акциясы өтіп жатқан еске салады.