Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Таза Қазақстан”: Абай облысында құқық бұзушылықтарды алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде

Абай облысында экологиялық тәртіпті сақтау мақсатында құқық бұзушылықтар анықталып, алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында 2025 жылдың басынан бері “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Акция шеңберінде облыстық полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған бақылау жұмыстарын күшейтіп, нәтижесінде жалпы саны 7 818 құқық бұзушылықты тіркеді.

Аталған құқық бұзушылықтардың ішінде ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2 492 дерек тіркелген. Бұдан бөлек, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 5 326 факті анықталған. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда.

Қоғамдық тәртіп пен экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында профилактикалық жұмыстар да белсенді жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру іс-шараларын өткізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен тығыз жұмыс істеуде. Акция барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер, сенбіліктер мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық нормалар мен экологиялық талаптарды түсіндіретін жадынамалар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру