Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысында алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол интернет арқылы Toyota Camry 20 автокөлігіне қызығушылық танытып, көлікті сатамын деген бейтаныс азаматпен байланысып, көлікке алдын ала төлем ретінде 500 000 теңге аударған.

Артынша хабарландырудың жалған екендігін түсінген. Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алаяқтықпен айналысқан екі облыс тұрғыны анықталды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Тергеу нәтижесінде екі күдікті Астана қаласынан ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктілер кінәларын толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды толық өтеді.

Күдіктілер сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру