Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің РММ №38 мекемесі аумағында кәсіпкерлік қызмет белсенді дамып келеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің РММ №38 мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту және сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мекемеде 23 кәсіпкерлік субъектісі (19 жеке кәсіпкер және 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жұмыс істейді. Бұл сотталғандардың 44 пайызын еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Өндірістік алаңдарда ағаш пен металл бұйымдары, жұмсақ жиһаз, азық-түлік өнімдері, сабын, нан-тоқаш өнімдері, тігін бұйымдары, жарма түрлері, сондай-ақ табиғи былғарыдан аяқ киім өндіріледі.

Мекеменің ірі серіктестерінің бірі – осы аумақта 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет атқарып келе жатқан “MAN” ЖШС. Кәсіпорын жарма, жарылған бидай, бұршақ және басқа да азық-түлік өнімдерін шығарады. Ал “KBK Group” ЖШС мекемемен 18 жылдан астам уақыттан бері тығыз әріптестік орнатып, ағаш пен металл бұйымдарын, оның ішінде киіз үйлер мен басқа да сұранысқа ие өнімдерді өндірумен айналысып келеді.

Сотталғандардың атқарушылық міндеттемелерін орындауына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар сотталғандар отбасына материалдық көмек көрсетіп, мекеме дүкенінен бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алады.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың әлеуметтік бейімделуіне ғана емес, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуге және отбасыларын материалдық тұрғыда қолдауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру