Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: көлік полицейлері құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында көлік полицейлері 1200-ден астам құқық бұзушыны анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

12–14 қыркүйек аралығында көліктегі полиция департаменті "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Үш күн ішінде көлік полицейлері заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында кең ауқымды жұмыстар атқарды.

Іс-шара барысында 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылық тіркеліп, олардың 10-ы "ізін суытпай" ашылды. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар көлік полициясы 1272 құқық бұзушылықты анықтап, заңға сәйкес шара қабылдады. Оның ішінде ең жиі кездескені — қоғамдық орындарда алкоголь ішу мен мас күйде жүру. Бұл дерек бойынша 149 азамат жауапкершілікке тартылды.

Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көлік нысандарында жүрген 82 жасөспірім анықталды. Олардың 15-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан бөлек, ел аумағында болу ережелерін бұзған 61 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Құжаттары жоқ және тұрғылықты мекенжайы анықталмаған 22 адам қабылдау-тарату орындарына жеткізілді.

Іс-шараға кинологиялық қызмет орталығының мамандары да тартылып, қызметтік-іздестіру иттерімен патрульдеу жүргізді. Полицияның айтуынша, мұндай кешенді жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға айтарлықтай ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру