Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында сотталғандарға рақымшылық жасалды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 97 сотталғанға рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметі есебінде бүгінде 160-тан астам сотталған азамат тіркелген. Мемлекет жариялаған рақымшылық аясында олардың 97-сіне қатысты оң шешім қабылданды.

Атап айтқанда, 34 адам жазадан толық босатылып, 63 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Бұл мемлекет тарапынан жасалған ізгі қадамдардың бірі болып, азаматтарға қоғамға қайта бейімделіп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.

Пробация қызметінің мамандары рақымшылыққа іліккен тұлғалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, олардың тұрғылықты мекенжайына барып, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетуде. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру және қоғамға бейімдеу бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.

– Рақымшылық – сотталғандардың түзеліп, қоғамға қайта оралуына берілген мүмкіндік. Ол олардың отбасына қосылып, заңға мойынсұнған азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді, – деді Мұнайлы аудандық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Надиров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру