Қызылорда облысында полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қызылорда облысында полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты бұзудың алдын алу, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, тәлімгерлік институттар кеңінен қолданылуда.
Осы орайда бүгін департаментте полицейлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен өткен кеңесте 2 мәселе қаралды.
Бірі - жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу мәселесі болса, екіншісі ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы қабылданып жатқан ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың шолуын жеке құрамның назарына жеткізу.
— Ел тыныштығын сақтауда алдыңғы шепте тұрған тәртіп сақшылары үшін ең қажетті қасиет – тәртіп пен патриоттық тәрбие. Бұл ретте тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың полиция қызметкері үшін маңызды. Сондықтан департамент басшылығы жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жұмыстарын басты назарда ұстайды, — деді О.Омаров.