Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды әкімі Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына барды

Қарағанды қаласының әкімі Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына
жұмыс сапарымен барып қайтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында қала басшысы әскери бөлім аумағын аралап, қазіргі жағдаймен танысты.
Ол спорт залдарды және қызметтік кабинеттерді аралап, жауынгерлердің дайындық деңгейін өз көзімен бақылады.

Кездесу барысында өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы Сакентай Шекарбеков әскери бөлім аумағын абаттандыру, жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Қала әкімі өз кезегінде бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Әкім әскери қызметшілердің қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтіп, олардың адал еңбегі мен кәсібилігіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, әскери бөлімді кезең-кезеңімен дамыту, қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мәселелері жергілікті атқарушы органдардың назарында болатынын жеткізді.

Сапар соңында қала басшысы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне табыс тілеп, Отан алдындағы қызметтерін абыроймен атқаруға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру