Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

Елімізде сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың басым бөлігі — еңбекке қабілетті ер адамдар. Олар тек жұмыс жасағысы келіп қана қоймай, сонымен бірге табыс табуға, талап-арыздарды өтеуге және отбасыларына көмектесуге нақты мүмкіндікке ие.

— Колонияларда 300-ден астам кәсіпкерлік нысан тіркелген, онда сотталғандар еңбек етеді, — дейді комитет.

Сонымен қатар сотталғандарға қолма қол ақша берілмейді — қаражат олардың жеке шотына түседі. Бұл ақшаны туыстарына жіберуге, сот шешімдері бойынша өтемақы төлеуге немесе түрме ішіндегі шығындарды өтеуге пайдалануға болады.

Бұрын колониялардағы еңбек металл мен ағашпен шектелсе, бүгінде өндірістің географиясы мен ауқымы айтарлықтай кеңейіп келеді. Жарқын мысалдардың бірі – Жамбыл облысындағы жаңа аяқ киім цехы, онда сотталғандар ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған аяқ киім шығарады.

— Кәсіпкерлер 27 арнайы тігін машинасын сатып алды. Табандар (табандықтар) тікелей сол жерде дайындалады. Сапасы – өте жақсы. Мұндай бәтеңкеге сұраныс бар, – деп мәлімдеді ҚАЖ комитеті.

Цехта 40-тан астам адам жұмыс істейді. Бұл тек жұмыс емес, сонымен қатар бостандықта да қажет болатын мамандықты меңгеру мүмкіндігі. Айта кетейік, мұндай жобалар сотталғандарды жұмыспен қамтуды мақсат ететін “Еңбек” РМК қолдауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан бойынша сотталғандар бетон плиталарын, жиһаз, қақпа, сабын, макарон өнімдері, күнбағыс майы, шырындар, арнайы жұмыс киімі, абаттандыруға арналған орындықтар, тіпті шынайы киіз үйлер де жасап шығарады.

Сәтті мысалдардың бірі – Екібастұздағы жылыжай шаруашылығы. Мұнда 100-ден астам сотталған жұмыс істейді. Олар жыл бойы көкөніс өсіреді. Ескі өндірістік орындар мәселесін шешу үшін бірқатар мекемеде санитарлық және технологиялық талаптарға сай заманауи модульдік ангарлар салына бастады.

— Кейбіреулердің тәжірибесі болмауы мүмкін, бірақ ең бастысы – ынта. Қажет болған жағдайда біз үйретеміз және адам еш қиындықсыз жұмысқа кірісіп кетеді, – дейді ҚАЖ комитетіндегілер.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты – адамдарды жай ғана жұмыспен қамту емес, бостандыққа шыққан соң қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беру. ҚАЖ комитетінде сенімді түрде айтады: металлмен, ағашпен немесе матамен жұмыс істеуді үйренген адам бостандықта жұмыссыз қалмайды. Әсіресе, жиһаз және металл өңдеу өндірісі барлық өңірлерде жоғары сұранысқа ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру