"Есірткісіз болашақ": Атырауда жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті
Атырауда жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Есірткісіз болашақ" тақырыбында жасөспірімдерге арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Жарысқа 14 пен 17 жас аралығындағы сегіз команда қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Қорытындысында ерекше ойынымен көзге түскен "Светлана" командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды "Жастар", ал үшінші орынды "Рахат" командасы иеленді.
Турнирдің үздік ойыншылары мен жеңімпаздары есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан арнайы марапаттарға ие болып, естелік ретінде спорттық жейделер табысталды.