Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тәртіп сақшыларына арналған арнайы дайындық сабағы ұйымдастырылды

Абай облысында тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі арттырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсуат аудандық полиция бөлімінде құқық қорғау саласының қызметкерлеріне арналған арнайы дайындық сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында бөлімнің жеке құрамы физикалық және тактикалық бағыттар бойынша оқытудан өтіп, нәтижесінде бекітілген нормативтер бойынша сынақ тапсырды.

Жаттығу барысында тәртіп сақшыларына шұғыл жағдайларда әрекет ету тәсілдері, өзін-өзі қорғау әдістері және дене дайындығын жетілдіруге арналған жаттығулар үйретілді. Сонымен қатар, топпен үйлесімді жұмыс істеу мен кәсіби тәртіпті сақтау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің функционалдық мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайтуға да ықпал етеді. Күнделікті қызмет барысында түрлі тәуекелдермен бетпе-бет келетін құқық қорғау органдары өкілдері үшін физикалық төзімділік пен шапшаң әрекет ету қабілеті аса маңызды.

Сабақ соңында қатысушылар спорттық нормативтер бойынша сынақ тапсырып, алған білімдерін іс жүзінде көрсетті. Қызметкерлердің дайындық деңгейі арнайы құрылған комиссия тарапынан бағаланып, әрқайсысына жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Арнайы кәсіби даярлық басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Қайрат Сембаевтың айтуынша мұндай жаттығулар тек кәсіби даярлықты арттырып қана қоймай, ұжым ішіндегі ынтымақ пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға да өзіндік үлесін қосады. Сондай-ақ, әр қызметкердің дене дайындығына ерекше көңіл бөлінетінін де жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру