Атырауда есірткіні жасырып кету әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент жүргізілді
Атырауда есірткіні жасырып кету әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен баспасөз қызметі қаладағы тұрғындар көп шоғырланатын Жастар саябағында ерекше әлеуметтік эксперимент өткізді.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен баспасөз қызметі қаладағы тұрғындар көп шоғырланатын Жастар саябағында ерекше әлеуметтік эксперимент өткізді.
Полицейлер құрамында есірткі заттары бар деген ой тудыратын объектіні қауіпсіз үлгі ретінде әзірлеп, оны арнайы zip-пакетке салып, саябақтағы қолжетімді орындарға жасырды. Бұл әдіс арқылы тұрғындардың күдікті затқа деген реакциясы, хабарлау мәдениеті және қоғамдық жауапкершілік деңгейі тексерілді. Шынайылықты арттыру үшін пакеттің сыртқы түрі мен орналасқан орны есірткі заттары жиі кездесуі мүмкін жерлерге ұқсастырылды. Дегенмен, ішіне нақты есірткі емес, тұрмыстық ас содасы салынып, тәжірибенің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Эксперимент барысында кейбір жасөспірімдердің де күдікті затқа назар аударуы қоғамдағы жас буынның да бұл мәселеден бей-жай еместігін көрсетті.
Әлеуметтік тәжірибенің негізгі мақсаты — тұрғындар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, күдікті жағдайға бейқам қарамай, қауіпсіздікке қатер төнген сәтте құқық қорғау органдарына дереу хабарлау мәдениетін нығайту.
Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 21 есірткі тасымалдаушы ұсталды. Оның 13-і — Атырау қаласының тұрғындары болса, қалғандары өзге өңірлерден келгендер. Бұл деректер өңірде есірткі айналымына қарсы күрестің жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және қоғам мүшелерінің сақтық танытуының аса маңызды екенін дәлелдейді.