Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Мұнайлыда бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте 4 сынып оқушыларына арналған танымдық шара өтті.

Сабақты Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Айнұр Байсырова жүргізді. Ол балаларға "Қауіпсіз жол – өмір кепілі!" тақырыбында түсіндіру жұмысын өткізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызына тоқталды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қозғалыс ережелерін дұрыс меңгеріп, оларды күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау қаупін азайту, құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін нығайтуға баса назар аударылды.

Инспектор жол ережелерін сақтау әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі екенін атап өтіп, түрлі мысалдар арқылы оқушылардың қызығушылығын оятты.

Сабақ соңында балалар белсенділік танытып, полиция қызметкеріне көптеген сұрақтар қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру