Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

Павлодар облысының күштік құрылымдарының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс чемпионатында техникасын, төзімділігін және жеңіске деген берік жігерін көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Бірлік” жекпе-жек сарайында облыстық күштік және арнайы құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Шара “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналды. Чемпионатқа жеті команда қатысып, мықты техникасын, күшті төзімділігін және жеңіске деген берік жігерін паш етті.

Спортшыларға қолдау білдіріп, сәттілік тілеу үшін турнирдің ашылуына Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орумбаев келді. Өз сөзінде ол полиция қызметкерлерінің спорттық рухын және жоғары дене дайындығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Жарыс барысында қызметкерлер көрермендерге тартысты жекпе-жек көрсетті, алайда тек мықтылары ғана жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды Төтенше жағдайлар департаментінің командасы, екінші орынды полиция департаментінің командасы, үшінші орынды ҚР ІІМ Оқу орталығының командасы иеленді.

Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен “Үздік техника үшін” номинациясында Мирас Айтмағамбетов, Темірболат Негматов және Әлібек Үлкенбаев танылды. Барлық қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

— Бұл жеңіс – күштің, төзімділіктің және мінездің көрсеткіші. Әрбір жетістіктің артында жылдар бойы дайындық пен ішкі тәртіп жатыр, – деп атап өтті полиция ведомствосы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру