Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ауқымды профилактикалық шаралар жүзеге асырылып жатыр

Түркістан облысында ауқымды профилактикалық шаралар жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың бастамасымен облыс көлемінде ауқымды профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі Ордабасы ауданында жалғасты. Яғни өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрбол Мырзатаев аталмыш ауданға қызметтік іссапармен барып, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Басқосуда полиция қызметкерлері арасында заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттілігі ерекше атап өтіліп, осы тақырыпқа байланысты арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Полиция полковнигі Нұрбол Бахадурұлы өз сөзінде, әрбір қызметкердің адалдығы мен жауапкершілігі – қоғам сенімін арттырудың негізгі кепілі екенін жеткізді.

Жиын соңында жеке құрамға әрқашан парасаттылық пен әдептілікті сақтау, нысанды киім үлгісіне ұқыпты болу, қоғамдық ортада тек жағымды имидж қалыптастыру керектігі ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру