Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда киберқылмыстың алдын алу мақсатында іс-шара өтті

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде облыстық полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері мен экономикалық тергеулер департаментінің ұйымдастыруымен профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің басты тақырыбы — киберқылмыс және цифрлық кеңістіктегі қауіптерден қорғану жолдары болды.

Бүгінде киберқылмыс — заманауи кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл ұғымның аясында цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтар жатыр: ақпарат ұрлығы, алаяқтық, бопсалау, тыңшылық, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті бұзу әрекеттері. Күдіктілер түрлі тәсілдерді қолданады — деректер қорын бұзудан бастап, жалған қоңыраулар мен фишингтік хаттарға дейін.

Кездесу барысында ерекше назар ауда­рылған мәселе — желідегі қауіпсіздік ең алдымен қолданушының өзінен басталатыны. Жеке қырағылық, деректерге мұқият қарау және белгісіз дереккөздермен байланыста абай болу — адамды цифрлық қатерлерден қорғайтын басты факторлар.

Шараға 550-ден астам облыс тұрғыны қатысты. Олардың ішінде — 300 оқушы, 150 студент және 100 денсаулық сақтау саласының қызметкері бар. Әрбір қатысушы үшін бұл кездесу тек интернеттегі қауіптер жайында ақпарат алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге цифрлық әлемде жауапты мінез-құлық қалыптастыруға жасалған маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру